«Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 696 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 25 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32519 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппараты лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:
8 және 9-тараулардың тақырыптары мынадай редакция жазылсын:
«8-тарау. ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің лауазымдары бойынша
9-тарау. ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің лауазымдары бойынша»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Кадр және тәрбие жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) қарамағындағы мемлекеттік мекемелер лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:
1-бөлімде:
3 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 3-тарау. Кафедралардың лауазымдары бойынша |