Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн күнтізбелік ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.