«Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 8 бұйрығы

«Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 8 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы (бұдан әрі - Әдіснама) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) веб-скрейпинг - веб-ресурстардың беттерінен деректерді алу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.