Нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 183 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҚазжолҒЗИ» акционерлік қоғамы 2016 жылғы 21 шілдедегі № 36 келісім-шарт шеңберінде әзірлеген «Арнайы материалдарды пайдалану арқылы, автожол көпірлерінің ақауларын жою бойынша ұсынымдар» нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - Ұсынымдар) бекітілсін.