(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМ...

Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 253-НҚ бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы 2022 жылғы 26 наурыздағы № 142 Ереженің 19 тармағына сәйкес, медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын (Бұдан әрі - Жұмыс тобы).

2. Жұмыс тобы осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Д. Қыдырәлі

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму

министрінің

2023 жылғы 20 маусымдағы

№ 253-НҚ бұйрығына

қосымша

 

 

Мемлекеттік саясатты іске асыру және медиация саласындағы қызметті

мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмыс тобының

құрамы

 

СҮЛЕЙМЕН

Ләззат Жаңылысқызы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің бұрынғы депутаты, жұмыс тобының басшысы

ҚАДЫРОВ

Данияр Рамазанұлы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі, жұмыс тобы басшысының орынбасары

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.