Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 Қаулысы
(2022.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.11.04. № 207 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.09.11. № 884 Қаулысымен (2022 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2018.30.11. № 799 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 9-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2022.11.04. № 207 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.