«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1079 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібінде, нысандарында және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер және заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - КҚКО) - өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) ментор - кәсіпкерлік қызмет жүргізуде табысты тәжірибесі бар, кәсіпкерлік саласында білім мен тәжірибе беру үшін ментиді сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын кәсіпкер;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: