«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 242 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: