Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өнеркәсіптік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 393 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Әділет министрі
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 393 бұйрықпен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өнеркәсіптік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: