«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 930 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармағының үшінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау мен қадағалау;»;
13-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау мен қадағалау;»;
1-тармағының сегізінші - он бірінші абзацтары 2025 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
323-41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«323-41) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;»;
323-47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«323-47) медициналық қызметтер (көмек) көрсету аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 323-120), 232-121), 323-122), 323-123), 323-124), 323-125), 323-126), 323-127), 323-128) және 323-129) тармақшалармен толықтырылсын: