(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРА...

Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығы

(2022.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.30.03. № 40 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.04.04. № 24 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021.08.12. № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.09.12. № 105 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.17.02. № 41 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.21.02. № 16 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-өлшемшарттар);

2) осы бірлескен бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы (бұдан әрі-тексеру парағы);

3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты тексеру парағы;

4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушыларға қатысты тексеру парағы бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.