Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.