«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 219 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығына (бұдан әрі - Регламент) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентінде:
342-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«342. Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер нормативтік құқықтық актінің жобасын (бұдан әрі - НҚА жобасы) әзірлейді және оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (бұдан әрі - «Ашық НҚА» порталы) орналастырғанға дейін оң заң қорытындысын алу үшін ЗД-ге енгізеді.
ЗД НҚА жобасын келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
ЗД-ның оң қорытындысын алғаннан кейін әзірлеуші құрылымдық бөлімшенің орындаушысы № 464 ережеде көзделген әрекеттерді ретімен орындайды.