«Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығына және «Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15363 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарда:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жұмыс уақытында тасымалдаушы арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланады.»;
26-тармақ алып тасталсын;
37, 38 және 39-тармақтар алып тасталсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Тасымалдаушы барлық жұмыс уақыты бойы арнайы киімде, арнайы аяқ киімде және басқа да жұмыс үшін қажетті қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінен жеке қорғаныш құралдарында болады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарда:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: