(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ...

2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 40-3 шешімі

(2019.27.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 43-7 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 46393717 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 9 100 351 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 217 613 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 394 190 мың теңге;

трансферттер түсімі - 33681563 мың теңге;

2) шығындар - 49587483 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 7 618 750 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 7 618 750 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 735948 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 735948 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11548464 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11548464 мың теңге:

қарыздар түсімі - 13 833 809 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 3521028 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1235683 теңге.

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 43-7 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. 2019 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 166514 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2019 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджет бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.