«Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;