Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы XIII сессиясының № 264 шешімі
Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 277 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Қ. Оспанова |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Өтешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
XIII сессиясының
№ 264 шешімімен бекітілген
Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер