Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 129/4 Қаулысы
(2015.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.17.07. № 211/7 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.09. № 257/9 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»;
«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру». Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.08.09. № 257/9 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру». Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.08.09. № 257/9 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)