«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 173-н/қ бұйрығы

«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 173-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында:

132-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«132. Жауапкершілікті беру шарт шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар:

1) өзінің барлық оң теңгерімсіздіктерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан Заңның 15-10-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін арттыру коэффициентіне көбейтілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен не электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шартында көрсетілген электр энергиясын сатуға арналған баға бойынша тиісті көлемде теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу арқылы жабады;

2) өзінің барлық теріс теңгерімсіздіктерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және есеп айырысу-қаржы орталығымен не электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен қолданыстағы электр энергиясын сатып алу-сату шартында көрсетілген электр энергиясын сатуға арналған баға бойынша уәкілетті орган Заңның 15-10-бабының 5-тармағына сәйкес айқындаған тәртіппен есептелетін төмендету коэффициентіне көбейтілген баға бойынша сатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.