«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 89 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларда:
реттік нөмірлері 510 және 511-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 510 | Вигексол | Йогексол | Инъекцияға арналған ерітінді, 300 мг йод/мл, 50 мл, №10 | V08AB02 | ҚР-ДЗ-3№122076 | НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ | құты | 4021,53 |
| 511 | Вигексол | Йогексол | Инъекцияға арналған ерітінді, 350 мг йод/мл, 50 мл, №10 | V08AB02 | ҚР-ДЗ-3№122077 | НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ | құты | 5259,28 |
»;
реттік нөмірі 537-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 537 | Випромид | Йопромид | Тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді, 300 мг йод/мл, 50 мл, №10 | V08AB05 | ҚР-ДЗ-5№022720 | НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ | құты | 6784,83 |
»;
реттік нөмірі 931-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 1292-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«