«Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 13 шілдедегі № 17/193 шешімі

Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 13 шілдедегі № 17/193 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3511 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)кірістер - 30 868 934,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 20 546 080,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 135 833 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 700 887,5 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 4 486 133 мың теңге;

2)шығындар - 30 629 752 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 178 785,5 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 3 179 215,5 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 430 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 939 603,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 939 603,4 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 3 179 215,5 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 725 226 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 485 613,9 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 5-4 тармағымен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.