Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 Қаулысы
(2022.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.22.06. № 52 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 253 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінгенбанкноттары мен монеталарын айырбастау
қағидалары
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.17.08. № 97 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.22.06. № 52 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)