Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 Қаулысы
(2026.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.06. № 56 Қаулысымен (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.28.07. № 112 Қаулысымен (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.28.07. № 112 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.06. № 56 Қаулысымен (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.28.07. № 112 Қаулысымен (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгіленсін.