Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Қарағанды облысының әкімі |
Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысының әкімдігінің
2020 жылғы 31 қаңтары
№ 05/02 қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/01 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3473 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 қарашасында, 2015 жылдың 14 қарашасында № 165-166 (21916-21917) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 14 қарашасында № 189-190 (22074) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 42/02 «Қарағанды облысының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3908 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 28 шілдесінде, 2016 жылдың 28 шілдесінде № 97 (22042) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 28 шілдесінде № 118-119 (22224) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).