«Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы «Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» № 117/3 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 137/1 Қаулысы

Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы «Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» № 117/3 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 137/1 Қаулысы

 

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 117/3 «Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелді) келесі өзгеріc пен толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі 19-тармақпен толықтырылсын:

«Автомобиль жолының индексі KS-19 Автомобиль жолының атауы Алексеевка-Жаңажол-Ескелді-Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі-Бесқауға-Екібастұз Автомобиль жолының мекенжайы, километр 0-112,024 Жалпы ұзындығы, километр 112,024 Барлығы: 1122,041».

2. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Батырғұжиновке жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.