Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 қазандағы № 562 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 234 836 989,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 213 275 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 567 268 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 196 056 446,1 мың теңге;
2) шығындар - 243 411 733,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 33 014 266,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 44 322 235,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 307 969,2 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 41 589 010,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 41 589 010,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 47 943 023 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 8 370 118,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 016 106 мың теңге.»;