Банктердің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақапарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығы
(2021.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Банктердің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;