Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына 3-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара
алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
(2026.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.26.06. № 180-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022.17.11. № 462 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі