«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 189-НҚ бұйрығы

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 189-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган оны өткізу уақыты басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, Министрліктің цифрлық жүйесіне орналастырады, (ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсында орналастырады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Құжаттарды (материалдарды) Конкурс қатысушылары Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Министрліктің цифрлық жүйесіне жүктейді.»;

17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің цифрлық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Министрліктің цифрлық жүйесінде орналастырылады және Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен соң аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;

25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.