«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 170 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 170 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан (бұдан әрі - ӘОО) шығарып жіберу тәртібін айқындайды.

2. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің әскери қызметшілерін ӘОО-дан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктері арасында жасалған келісімшарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.»;

3-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.