«Әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 911 бұйрығы

«Әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 911 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12545 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.