«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 Қаулысы (2026.06.05. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 Қаулысы

(2026.06.05. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы:

1) 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының екінші, үшінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаны;

2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2020 жылғы 29 сәуірдегі

№ 259 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2026.04.05. № 362 Қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқаруменқамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

41-1-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.