«Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 373-НҚ бұйрығы

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 373-НҚ бұйрығы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса ұсынылып отырған Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.

2. Төменде көрсетілген бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12668 болып тіркелген);

2) «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 102-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20511 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.