Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім (2023 жыл 17 қазан Бейжің қ.)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

 арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде

 Қытай - Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі

келісім

(2023 жыл 17 қазан Бейжің қ.)

 

ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі № 100-VIII Заңымен ратификацияланды

2025 жылғы 25 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі

2023 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай - Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды тереңдету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін басшылыққа ала отырып,

екі мемлекет басшыларының «Бір белдеу - бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының ұштасуын нығайту жөніндегі уағдаластықтарын назарға ала отырып,

Қытай - Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін ынтымақтастық жөніндегі екі ел арасындағы және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (бұдан әрі - ТХКБ) бойында орналасқан елдер арасындағы тығыз сауда қатынастарын ескере отырып,

ТХКБ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы практикалық ынтымақтастықтың негізгі жобаларының бірі болып табылатынын мойындай отырып,

халықаралық аралас тасымалдардың әлеуетін, сауда мен инвестицияларды ұлғайтуды ынталандыруға ниет білдіре отырып,

Тараптар мемлекеттерінің мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық тиімді ұзақ мерзімді шарттар жасасуы үшін жағдайлар жасауға ұмтылысына сүйене отырып,

тең әріптестік, өзара тиімділік және сыйластық қағидаттарына сүйене отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.