«Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 423 бұйрығы (2026.18.11. берілген өзгерістермен)

Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 423 бұйрығы

(2026.18.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Көлік министрінің м.а. 2026.15.09. № 249 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.