«Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 92 Қаулысы

 «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 92 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерде, олардың нормативтік мәндерінде және есептеу әдістемесінде:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Нормативтерде Банктер туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кредиттік желі - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі айқындауға мүмкіндік беретін талаптарда, бірақ банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының осындай кредит беру нысанына арналған кредиттік саясатында және банктік қарыз шартында айқындалған сома мен уақыт шегінде қарыз алушыға кредит беру міндеттемесі;

2) кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік карточка бойынша) - кредиттік желінің шекті сомасы;

3) қарыз алушы - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.