«Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 39 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 39 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 17810 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6.Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қоспағанда, бағдарламаға қатысушыларға арналған кредиттер/микрокредиттер микробизнес ашу үшін олардың «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтуі шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не Бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуға жүгінген күнінің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты болған кезде беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.