«Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 209 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын (оның ішінде азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстары) есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ балансында қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.
Теңгерімінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат береді.»;
9 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттаманы қарастыру мақсатында:»
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттаманы дайындауды азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылысының меншік иесі жүзеге асырады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: