Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын құжатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін құжатты беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 252 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 389-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырғанын растайтын құжатты беру, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында өндірілген көлік құралын сатып алуға жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
«КЕЛІСІЛДІ»