«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1180 Қаулысы
(2025.28.04. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2025.28.04. № 285 Қаулысымен даму жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1180 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы жағдайын талдау
1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау
1-тарау. Ағымдағы жағдайды және сыртқы ортаның жаһандық факторларының ықпалын талдау
1-параграф. Макроэкономикалық үрдістер
1-параграф. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды іске асыруға қатысуы
2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау
3-тарау. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және ЕҰ-ның ағымдағы құрылымы
4-тарау. Компания қызметінің мықты және әлсіз жақтарын талдау
2-бөлім. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мен пайымы
3-бөлім. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары
5-тарау. Қызметтің № 1 стратегиялық бағыты - Кәсіпкерлікті қолдау
1-параграф. Өнеркәсіпті дамыту
2-параграф. Микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау