Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154-ө бұйрығы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 15-тармағының 139) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыным бекітілсін.
2. Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілснген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының, Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Сүлейменова |
Қазақстан Республикасы Экология және
табиғи ресурстар министрінің
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 154-ө бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жөніндегі
әдістемелік ұсыным
1-тарау. Жалпы ережелер