Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 бұйрыққа
4-қосымша
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларды пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.
4. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 145-бабына сәйкес тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесіне енгізілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша беріледі.