«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 789 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 789 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

1-тармағының төртінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді

мынадай мазмұндағы 29-2), 29-3) және 29-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«29-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеудің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

29-3) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу процестерін ұйымдастырушылық және техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асыратын жұмыс органын айқындау;

29-4) кәсіптік біліктіліктерді және (немесе) дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттарды тану тәртібін айқындау;»;

мынадай мазмұндағы 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«38-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;

38-2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша әзірленетін мемлекеттік білім беру ұйымдарында басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын келісу;»;

1-тармағының он бірінші, он екінші абзацтары 2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді

70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.