«Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 608 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.