(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

2. Мына шарттардың біріне сәйкес келетін:

1) осы Кодекстің 20-бөлімінде көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын;

2) спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын;

3) салық төлеушілерге салық салу осы Кодекстің 21 және 23-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын салық төлеушілердің инвестициялық салық кредитін қолдануға құқығы жоқ.

 

2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 51-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары

1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша мерзімдерді өзгерту сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған кезде мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру нысанында жүзеге асырылады.

2. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағдайы немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық жағдайы негізге алына отырып, мемлекеттік баж төлеу мерзімінің өзгеруін білдіреді.

3. Кейінге қалдыру осы бапта көзделген негіздер болған кезде сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Бұл ретте жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік баж сомасын кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін ішінара және (немесе) мерзімінен бұрын төлеуге құқығы бар.

4. Кейінге қалдыру мүліктік жағдайы негізге алына отырып, жеке тұлғаға немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, қаржылық жағдайы негізге алына отырып, заңды тұлғаға осындай жағдайы талап қоюды беру кезінде мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік бермейтін болса, алайда оны төлеу мүмкіндігі мынадай негіздердің бірі:

1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан нұқсан келтіру;

2) жеке тұлғаға жалақыны уақтылы төлемеу;

3) жұмыссыз адам ретінде есепке қою;

4) жеке тұлғаның ауыр сырқатының болуы және үш айдан артық емдеуде болуы;

5) заңды тұлғаға берілген тауар, орындалған жұмыстар, ол көрсеткен қызметтер үшін ақша төлемеу;

6) заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің және (немесе) өткізудің маусымдық сипаты;

7) атаулы әлеуметтік көмек беру болған кезде кейінге қалдыру берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанда берілуі мүмкін.

5. Соттар мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін істерді қарау орны бойынша салық органдарына мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарымның көшірмесін жібереді.

 

52-бап. Мүлікті кепілге қою шартын жасасу талаптары

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен бірінші абзацы өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Мүлікті кепілге қою шарты салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:

1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) кепілге қойылатын мүлік жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу графигін бұзған жағдайда, кейінге қалдырудың немесе мерзiмiн ұзартудың қолданылу кезеңі үшін есептелген өсімпұл, сондай-ақ оны өткізуге жұмсалатын шығыстар ескеріле отырып, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтініште көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

тыйым салынған мүлік;

мемлекеттік кіріс органдары қойған шектеулерді қоспағанда, мемлекеттік органдар шектеулер қойған мүлік;

үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғынжайы;

тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы бола алмайды;

3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңдарында мүлікті кепілге қою шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайларда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық органына кепіл шартының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады.

 

53-бап. Банк кепілдігі

1. Салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды беру шарттарын бұзған жағдайда, банк кепілдігіне байланысты банкте (кепілдік берушіде) салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша міндеттемесін орындау жөніндегі міндет туындайды.

2. Банк кепілдігі мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

1) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;

2) банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс;

3) банк кепілдігінің қолданылу мерзімі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетті салық төлеушінің орындауының белгіленген мерзімі өткен күннен бастап алты айдан кейін аяқталуға тиіс;

4) банк кепілдігі берілген сома салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетін кепілдік берушінің толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

3. Банк кепілдігі бойынша міндеттеме кепілдік берушінің банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде орындауына жатады.

4. Кепілдік беруші салық органына банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу туралы талапты (егер мұндай талап кепілдік берушіге банк кепілдігі берілген мерзім аяқталғаннан кейін қойылған жағдайды қоспағанда) қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

 

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 54-баптың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуын тоқтату

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуы тиісті шешімнің немесе келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуы:

1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеген;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды және инвестициялық салық кредитін беру шарттарын бұзған;

3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілген жағдайда - тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) сот шешімі бойынша;

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау графигінде белгіленген мерзім бес жұмыс күнінен астам уақытқа бұзылған жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.

3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламаны салық төлеушіге жібере отырып тоқтатады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Егер инвестициялық салық кредиті туралы келісімді жасасқан салық төлеуші оның қолданылу мерзімі ішінде сатып алынуы инвестициялық салық кредитін беруге негіз болған жабдықты немесе өзге мүлікті өткізудің не басқа тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге берудің келісімде көзделген шарттарын бұзса, осы салық төлеуші инвестициялық салық кредиті туралы келісім бұзылған күннен бастап есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезең ішінде келісімге сәйкес бұрын төленбеген барлық салық сомасын, сондай-ақ көрсетілген келісім жасалғаннан бастап бұзылғанға дейінгі кезеңге инвестициялық салық кредиті туралы келісім қолданылған әрбір күнтізбелік күн үшін төлем күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған тиісті өсімпұлдарды төлеуге міндетті.

 

55-бап. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодекстің 54-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда кейінге қалдырудың немесе мерзімін ұзартудың қолданылуы тоқтатылған кезде салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігін орындауды талап етеді.

2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттықтар өткізу жолымен жүргізеді.

Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. Салық органы салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу туралы талаптың орындалу мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу туралы талапты кепілдік берушіге жібереді.

 

56-бап. Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы

1. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі:

1) ол қайтыс болған;

2) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.

2. Дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.

3. Заңды тұлғаның салықтық міндеттемесі:

1) ол таратылғаннан кейін;

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен ол қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

 

 

7-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ ТАРАТЫЛҒАН, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН, ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТҚАН КЕЗДЕ САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ

 

57-бап. Жалпы ережелер

Осы тараудың ережелері бірігу, қосылу, бөліну, тарату немесе қызметті тоқтату жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді салық төлеуші қабылдаған жағдайда қолданылады.

 

58-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау

1. Резидент-заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.

2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

3. Таратудың салықтық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталса, осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Таратылатын заңды тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Салық органдары салықтық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

6. Таратылатын заңды тұлғаның салықтық берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің, бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің салықтық берешегі осындай бейрезидент-заңды тұлға заңды тұлғалардың тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің тобы бойынша жиынтықты түрде салықтық міндеттемелерді қызметін тоқтататын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы орындаған жағдайда да өтеледі.

7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салықтық берешекті толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салықтық берешектің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар таратылатын заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

9. Егер таратылатын заңды тұлғада қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге дейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес қайтаруға жататын, есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы бар болса, көрсетілген асып кету таратылатын заңды тұлғаға осы Кодекстің 104-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.

10. Таратылатын заңды тұлғада салықтық берешек болмаған кезде:

1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары осы заңды тұлғаға осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары осы заңды тұлғаға осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;

3) айыппұлдардың төленген сомалары осы заңды тұлғаға осы Кодекстің 106-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайтарылуға жатады;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.

11. Таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай міндеттемелерді салық органының осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген хабарламасы негізінде орындауға міндетті.

12. Таратудың салықтық тексеруі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жеріндегі салық органына осындай салықтық міндеттеме бойынша таратудың салықтық есептілігіне қосымша салықтық есептілікті ұсынуға және оны толық көлемде орындауға міндетті.

13. Салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына тарату балансын ұсынады.

Таратылатын заңды тұлға тарату балансын бір мезгілде мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаса;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болмаса;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес қайтарылуға жататын, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болмаса;

4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініш болмаса, салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

Салықтық берешек, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешек, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердiң, өсiмпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 49-тарауына сәйкес қайтарылуға жататын, есепке жазылған салық сомасынан асып кеткен жағдайда, таратылатын заңды тұлға тарату балансын:

1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес қайтарылуға жататын, есептелген салық сомасынан асып кетуі қайтарылған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

14. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салықтық міндеттемесін орындау осы бапта айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

15. Таратылатын резидент-заңды тұлғалар осы Кодекстің 59 немесе 60-баптарында белгіленген салықтық міндеттемелерді орындаудың ерекшеліктерін таңдаған жағдайда, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.

 

59-бап. Таратылатын резидент-заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын не қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

2) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданбайтын;

3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры болып табылмайтын, таратылатын резидент-заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

Осы тармақшаның ережесі қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген;

5) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын, таратылатын резидент-заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

Осы бап осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін резидент-заңды тұлғаларға қатысты осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарағанда кем болатын заңды тұлғаларға да қолданылады.

2. Тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін;

3) аралық тарату балансын;

4) осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Таратылатын заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген құжатты бақылау-касса машинасы салық органында есепке қойылған жағдайда ұсынады.

3. Таратудың салықтық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Таратылатын заңды тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.