«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1086 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1086 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:

2) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) медициналық көмекке алғашқы жүгіну;

2) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу бойынша қызметтер көрсету;»;

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың профилактикасы мен диагностикасы;»;

4) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.