«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 260 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуеайлақтарда және оларға іргелес аумақтарда құстар мен өзге де жануарларды бақылау саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер туралы ақпарат жинау және алмасу;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) авиациялық орнитология - құстардың фаунистикасын, морфологиясын, этологиясын, экологиясын, оның ішінде мінез-құлық экологиясын, көші-қонын зерттеумен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, сондай-ақ әуе кемелерінің құстармен соқтығысу ықтималдығын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысатын жалпы орнитологияның қолданбалы пәні;
2) әуеайлақ - ӘК-нің осы беті бойынша толық немесе ішінара келуіне, жөнелтілуіне және жүруіне арналған жер немесе су бетінің (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда) белгілі бір учаскесі;
3) әуеайлақтың бақылау нүктесі - әуеайлақтың географиялық орналасуын айқындайтын нүкте (бұдан әрі - ӘБН);