«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 260 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 260 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларында:

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әуеайлақтарда және оларға іргелес аумақтарда құстар мен өзге де жануарларды бақылау саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер туралы ақпарат жинау және алмасу;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

1) авиациялық орнитология - құстардың фаунистикасын, морфологиясын, этологиясын, экологиясын, оның ішінде мінез-құлық экологиясын, көші-қонын зерттеумен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, сондай-ақ әуе кемелерінің құстармен соқтығысу ықтималдығын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысатын жалпы орнитологияның қолданбалы пәні;

2) әуеайлақ - ӘК-нің осы беті бойынша толық немесе ішінара келуіне, жөнелтілуіне және жүруіне арналған жер немесе су бетінің (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда) белгілі бір учаскесі;

3) әуеайлақтың бақылау нүктесі - әуеайлақтың географиялық орналасуын айқындайтын нүкте (бұдан әрі - ӘБН);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.