«Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 817 бұйрығы

«Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 817 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

30) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес, «Сот-биологиялық (медициналық)», медициналық-криминалистикалық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық, сот-жалпысараптамалық зерттеулер бойынша кәсіптік стандарты;»;

мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық, ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық, сот-сараптамалық көлік-трасологиялық, жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық, теміржол көлігін сот-сараптамалық, көлік құралдарын сот-сараптамалық, дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық, өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық, сот-сараптамалық электротехникалық, сот-сараптамалық фототехникалық, сот-сараптамалық психологиялық, сот-сараптамалық дінтанушылық, сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеулер бойынша кәсіптік стандарты бекітілсін.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 31-қосымшамен толықтырылсын.

2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е.Ж. Сәрсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2025 жылғы 30 желтоқсандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.