Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық
мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - мекеме) құратын болсын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Мекеменің директорын Қазақстан Республикасының Президенті
қызметке тағайындайды және қызметінен босатады деп белгіленсін.